Дәретхана қағазы неге аз сатылады?

Дәретхана қағазы неге аз сатылады?

 

Бір журналист үкімет үйінің бе, әлде парламенттің бе дәлізінде вице-премьер Жұманғариннің тура алдынан шығыпты. Видеосын байқап қалдым. Премьерден кейінгі адамның кездескені – журналиске олжа. Небір маңызды сұрақты қойып, сол жерде жауап алуға болады. Жауап бере алмаса да вице-премьердің бет жүзіндегі реакциямен-ақ көрерменді тәнті қылуға ыңғайлы сәт.

 

Журналист: - Қазақстандықтар дәретхана қағазын сатып алуды азайтыпты. Неліктен?

 

Вице-премьер: -???

 

Журналист: - Өйткені дәретхана қымбаттаған.

 

Вице-премьер: - Бірінші рет естіп тұрмын, тапсырма беріп анықтап, сізге жауап берейін.

 

Меніңше вице-премьер енді комитетке тапсырма беріп, журналист сұрағына жазбаша жауап әзірлеуді бұйырады.

 

Комитет әр облыстағы департаменттеріне жүктейді.

 

17 облыс пен республикалық дәрежедегі үш қаланың 20 департаменті министрлік тапсырмасын орындау үшін 20 аймақта үлкен жиын өткізеді. Жиынға облыс, қала, аудан әкімдігінің өкілдері келеді. Прокуратура, ҰҚК шақырылады.

 

Департамент бастықтары “Дәретхана қағаздарын сату және оны пайдалану мәселесі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен стратегиялық  қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні туралы” баяндама жасап, аудан басшыларына шүйлігеді. 

 

Ақырында дәретхана қағазын шығаратын зауыт басшысын шақырады.

 

Жер бетіндегі ең бейбіт және адамдарға өте керекті зауыт иесі дәл бұлай сөгіс естимін деп ойламаған.

 

– Ораза кезінде ғана дәретхана қағазы аздау сатылатыны рас. Меніңше, вице-премьер гүлі бар, жұмсақ тиетін үш қабатты қағазды айтты ма, әлде гүлсіз, жұқа, резеңке сияқты созылып, кез келген тұсынан өзің бырт еткізіп үзіп алатын бір қабаттысын айтты ма, соны анықтау керек шығар, екеуі екі басқа мәселе ғой.

 

Мысалы біз тек гүлі барын сатамыз, өйткені дүкеніміз Астананың сол жағалауында. Біздің дәретхана қағазымыздың сатылымы Орталық Азия мен ТМД елдерін қоса алғандағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Жақында 3D технологиясымен бес қабат қағаз  жасағалы отырмыз, көрсетейін бе?- деп құтылады.

 

Облыстардағы зауыт директорлары да бір қабатты жұқа қағаздары күн сайын, әсіресе жаппай той басталатын сезонда бұрынғыша кідіріссіз кететінін айтып ақталады.

 

Барлық департаменттер комитетке жауап жолдап, зауыттардан кінә жоқтығын айтады. Журналист, мүмкін базардағы дәретхана бағасын айтқан шығар? Әлде базар дәретханасының терезесінен берілетін, бір жеріңе барынша шақтап жыртылып, бүктеп дайындап қойған қоңыр қағазды айтты ма деген болжам жасайды.

 

Вице-премьер бір жапырақ қағаздың шетіне өзінің сирек кездесетін қолтаңбасын қойып, “Мұнай бағасының тұрақталуы мен халықтың әл-ауқатының артуына байланысты алдағы уақытта дәретхана қағаздарының сатылымы үш есе артады деп күтіліп отыр” - деп журналиске жауап жаза салады.

 

Вице-премьер басымен журналиске “сұрағыңызды түсінбедік” дей алмайды ғой әрине. Мен де түсініңкіреген жоқпын, сонда да маңызды сұрақ шығар деп ойладым.

 

 

 

Асылхан Мамашұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста