ҚОЙ ТУРАЛЫ ӘНИГДОТ
Айдөш қойдың етін сатып тұр. Біреу келіп:
- Ет қаншадан?
- 2-ақ мың теңге, ала ғой! Өзім баққан мал!
- Не беріп бағып едің?
- Тәтті, дәмдінің бәрін жеді! Бал бердім, қаймақ бердім, ауыздан жырып осыны бақтым. Тіпті Атыраудан қара уылдырық алғызып бердім. Еті деген балдай! Ала ғой!?
- Негізі мен салық инспекциясынан едім. Жұрт айлығына әрең күнелтіп жүргенде Сіз бал, қаймақ, уылдырықты қандай табысыңызға алдыңыз?
- Оу, шырағым, міне саған он келесі, тегін бердім, ала ғой. Мені шырылдата көрме?!
Он келесін тегін арқалап анау кетеді. Тағы біреу келеді.
- Ет қаншадан?
- 2-ақ мың теңге, өзім баққан мал...
- Не беріп бағып едіңіз?
- Не болса соны жеді! Өзіміз әрең күн көріп отырғанда бұған не береміз? Қалған құтқанды жеді, Сәләркі ішіп, қағаз жеді...
- Мен негізі санэпидемстанциядан едім.
- Ойбай шырағым, мә бес келе! Тек, мені шырылдата көрмеші!?
Бес келесін арқалап ол кетеді. Тағы біреу келеді.
- Ет қаншадан?
- 2-ақ мың, өзім баққан мал еді...
- Не беріп бақтыңыз?
- Өй, білмеймін, ақшасын қолына беріп жіберем, өзі Магнумнан керегін алып, жеп келетін!
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан