ЖҰМАНАЗАРОВ Қасымхан Бекбауұлы 1963 жылы Қызылорда облысында туылды, 1981 жылы орта мектепті бітірді. 1981-1985 жылдары ауылшаруашылығы саласында жұмыс атқарды. 1985-1990 жылдары ЦАШИ-ның жерге орналастыру факультетінде оқып жерге орналастырушы - инженер мамандығы бойынша үздік бітірген.
2005 жылы, Қарағанды экономикалық университетін үздік тәмамдап, екінші жоғары білім - заңгер мамандығына да ие. 1994-1996 жылдары ААШИ-да аспирантурада оқыды. 2000 жылы экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғады. 2008 жылы экономика доценті ғылыми атағын, 2012 жылы профессор ғылыми атақтарын алды. Жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асты, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі 20 жылдан асады. 1990 жылдан 2009 жылдың соңына дейін С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-нің жер кадастры кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі (2000-2003 жылдары), доценті (2006-2009 жылдары) қызметтерін атқарды.
2003-2006 жылдары аралығында Ақмола технология және бизнес университетінде экономика факультетінің деканы қызметін атқарған.
2010 жылдың қаңтар айынан Қазақ инженерлік-техникалық академиясының 1-ші проректоры қызметін атқарады. Аталған оқу орнының «Нұр-Отан» ХДП бастауыш ұйымының жетекшісі. Партиялық конференциялардың делегаты.
2 оқу құралы, 2 электронды оқу құралы авторы, 30-ден астам ғылыми мақалалар мен оқу-тәсілдік баспалардың (жалпы көлемі 30 ш.б.т. астам) авторы, бірқатар қаржыландырылатын және ынталы ғылыми тақырыптарда ғылыми жетекші. Докторлық ғылыми дәрежесіне ізденісте.
Жұманазаров Қ.Б. сарапшы ретінде ҚР БҒМ аттестациялық комиссияның құрамында бірнеше рет қатысты. Және де ол тәуелсіз сарапшы ретінде ҚР ҚОҚМ қоршаған ортаға әсер ететін жобаларды сараптауға үнемі шақырылады.
Ол 460240 - «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» (2001ж.), 050907 - «Кадастр» (2006ж.) мамандығы бойынша МБС-ң құрастырған авторлар ұжымы құрамында болды.
Білім және ғылым министрлігі Министрінің, «Нұр-Отан» партиясының және өзі қызмет атқарған ұжымдардың грамоталары мен алғыс хаттарымен марапапатталған.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалі және ҚР «Құрметті жерге орналастырушы» атағының иегері.