Жанна Дулатқызы Құрманғалиева

Жанна Дулатқызы Құрманғалиева
Жанна Дулатқызы Құрманғалиева 1969 жылы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін «саясаттану» мамандығы бойынша (1993 ж.) үздік бітірген. Жапонияда «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және масс-медиа» бағдарламасы бойынша мамандық алған (2004 ж.).
1993-1998 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет істеді.
1998-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасын басқарды.
2000- 2002 жылға дейін ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің электрондық БАҚ бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2002-2004 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ департаментінің директоры.
2004 жылдың тамыз айынан бастап сектор меңгерушісі, ҚР Президенті баспасөз қызметінің бас инспекторы болды.
2005 жылдың маусым айында ҚР Президенті баспасөз қызметі басшысының орынбасары, ал 2008 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды.
2008 жылғы 27 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2010 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2012 жылғы 26 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2013 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2014 жылғы 16 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі.
2006 жылдың желтоқсан айында оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 
20-дан астам деректі фильмнің сценарий авторы.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста