Жаңабай Сүйіндіков 1955 жылы 8 қазанда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Қазақ мемлекеттік басқарма академиясы жанындағы Нарық институтын (қазірігі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университет) тәмамдаған.
1983-1987 жылдары - Каспий маңындағы Құрылыс басқармасынның мастері, прорабы, бастығы. 1987-1988 жылдары - «Союзтермнефть» Каспий маңындағы Машина құрылыс кешенінің бас инженері. 1988-1992 жылдары - Бұзаншы құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары - «Нафта» фирмасының бастығы. 1994-2005 жылдары - «Нефтебанк» ААҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - өзінің бастамасымен құрылған «КаспийМұнайҚұрылыс» АҚ-ның Басқарма төрағасы (2006 жылдан бастап Акционерлік қоғам). Бірнеше рет Маңғыстау облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған.
«Қазақстан Республикасына 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Қазақстан кәсіпкерлері Форумының «Қазақстанның үздік кәсіпкері» атты грамотасымен марапатталған.
Жаңабай Сүйіндіков
Последние статьи автора