Халел Абдулхақұлы Беспаев

Халел Абдулхақұлы Беспаев 1933 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында туған. Қазақ тау-кен институтының геологиялық-барлау факультетін «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген (1950). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1965), докторы (1984). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның колчедан-полиметалл кен орындарындағы алтын мен күмістің жинақталуының геологиялық алғышарттары және олардың орналасу заңдылықтары». ҚР БҒМ Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының профессоры (1986 жылдан). Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі (1995 жылдан). ҚР ҒЗА корреспондент-мүшесі. «Орталық Қазақстан мен Кенді Алтай сульфидті кен орындарындағы күмістің геохимиясы» (1975), «Қазақстанның металлогениясы. Текстуралар мен құрылымдарының атласы» (1981), «Ертіс маңы ауданындағы колчедан-полиметалл кен орындары» (1988), «Оңтүстік-Батыс Алтайдың геологиясы мен металлогениясы (Қазақстан мен Қытайдың шегіндегі)» (1997) атты кітаптардың, 6 томдық Анықтамалық-монографияның (1995-2000), «Үлкен Алтай (геологиясы мен металлогениясы)» (2000), «Үлкен Алтай (кенсіз қазбалары)» (2003), «Қазақстандағы мыс, қорғасын, мырыш, темір кен орындарының пайда болуының алғышарттары» (1988), «Тереңдік түзілім жене геодинамика» - 1 том (2000), «Тереңдік түзілім және Қазақстанның минералды ресурстары» - 2 том «Металлогения» (2002), «Пайдалы қазба кен орындары модельдерінің атласы» (2004) тең авторы. Сондай-ақ геологияның әртүрлі мәселелері жөнінде 160-тан астам мақала жазған. «Ерітіндідегі алтынды колориметриялық анықтау үшін ұсақ бөлшекті алтынды және сульфидтік концентратты ажыратып алудың әдістері» (1984), «Сульфидті алтынды минералдардан ажыратып алудың әдістері» (1988) үшін авторлық куәліктері бар. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1955 жылдан - ҚазКСР Түсті металлургия министрлігінің «Қазқалайы» кеннің байқалуын барлау жөніндегі аға геолог. 1957 жылдан - ҚазКСР ҒА Алтай тау-кен металлургиясы институтының ғылыми қызметкері. 1964 жылдан - ӨКЗК (Өндірістік күштерді зерттеу кеңесінің) ғылыми хатшысы. ҚазКСР ҒА төралқасының Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары. 1969 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының ғылыми хатшысы. 1971 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының зертхана меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының директоры. 2000 жылдан бері - ҚР БҒМ Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында зертхана меңгерушісі. «Халықаралық геологиялық корреляция бағдарламасы (ХГКБ) атты ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстан бойынша комитетінің төрағасы (2000 жылдан). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). «Кен орындарын алғаш ашушы» дипломын алған (1997).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста