Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы 1940 жылы дүниеге келді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті), Львов мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген.
Қазақтың бас дәріхана басқарма бастығының орынбасары, бастығы, Алматы мемлекеттік медицина институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, Шымкент бөлімшесінің ректоры, Шымкент фармацевтикалық институтының ректоры, «Фармация» мемлекеттік холдингтік бірлестігінің бас директоры, президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Компания фармация» ЖШС-ның директоры, мемлекеттік ғылыми-ақпараттық «Фармацевтический бюллетень» атты журналының бас редакторы.
Негізгі ғылыми-тәжірибелік еңбектері спазмолитикалық әсері бар дәрі-дәрмектерді фармациялық, химиялық және токсикологиялық тұрғыдан зерттеуді ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен 28 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғалған. 150-ден астам ғылыми еңбектің және 7 монография мен анықтамалықтың авторы.
Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы
Последние статьи автора