Үміт Болатханқызы Шаяхметова
Үміт Болатханқызы Шаяхметова 1969 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы.
1993 жылы Ресейдің П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін «экономикалық ғылымдар бакалавры» санатымен бітірді, 1996 жылы АҚШ-тың Rutgers университетін (Нью-Джерси) МВА дәрежесімен тәмамдады.
Банк жүйесінде 1997 жылдан бері істейді. «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ еншілес банкінде (ЕБ-де) құрылымдық қаржыландыру басқармасының маманы (1997-98 жж.), «ABN AMRO Asset Management» Зейнетақы активтерін басқару компаниясы (ЗАБК) Басқармасының төрағасы (1998-2000 жж.), «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ басқарушы директоры (2000 ж.), «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары (2000-2004 жж.) қызметтерінде болды.
2004 жылдың қараша айынан бастап 2009 жылдың қаңтар айына дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Басқарма Төрағасының кредит мәселелері жөніндегі орынбасары болып істеді.
Халық банкінің Директорлар Кеңесінің 2009 жылдың 22 қаңтарында қабылданған шешіміне сәйкес Шаяхметова Ү.Б. Банктің Басқарма Төрайымы болып тағайындалды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның гинастика Федерациясының Президенті.