Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов

Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов

Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов 1948 жылы 18 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақ ауылында дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері.

1966-1971 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды. 1971 жылдың желтоқсан айында Алматы облыстық «Жетісу» газетіне алғаш жұмысқа қабылданып, 1978 жылға дейін меншікті тілші, аға тілші қызметтерін атқарады. Осы қызметте жүріп С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын сырттай аяқтады. 1978-1979 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің (Алматы қаласы) Насихаттау және мәдени-бұқаралық жұмыстар бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істейді. 1979-1980 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті Насихаттау бөлімінің баспа секторын басқарды. 1980-1986 жылдары республикалық «Ұлан» («Қазақстан пионері»), 1986-1994 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Редакторлық қызметте жүріп, У.Қалижанов ұлттық жаңа баспасөздің дамуына, оның еркіндік жолына түсуіне көп еңбек жұмсап, жас буын қаламгерлердің өсіп шығуына қамқорлық етті, көсемсөздің уақыт талабына орай өзгеруіне, соны өрістерге беттеуіне мұрындық болды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің орынбасарлығына тағайындалып, одан соң Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1996-1998 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы; 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары болды. 1999 жылы сонымен бірге ҚР Парламент Сенатының баспасөз хатшысы міндетін атқарды.

1999-2011 жылдар аралығында У.Қалижанов – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің ІІ, ІІІ, ІV шақырылымдарының депутаты. Осы уақыт аралығында ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелігінде болып, түрлі маңызды шаруаларға араласып жүрді.

2012 жылдың ақпан айынан бастап У.Қ.Қалижанов – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.

У.Қалижанов 1978 жылы «Ақмолла ақынның өмірі мен творчествосы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 1999 жылы «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)» атты докторлық диссертациясын қорғаған.

1998 жылы Уәлихан Қалижановтың «Мәшһүр Жүсіп» (Алматы: «Атамұра»), «Президент: көзбен көргендер мен көңілге түйгендер» (Алматы: «Шартарап»), «Жәдитшіл жырлар: Тарихи зерттеулер» (Алматы: «Санат») атты бірнеше еңбегі жарық көрді. Олардың көпшілігі автордың филологиялық зерделеу нысанындағы діни-ағартушылық ағым мәселесіне арналған зерттеулерін, тың ғылыми тұжырымдарын, жаңа заманға сай толымды толғаныстарын қамтиды. 2008 жылы Гулия Георгийдің «Омар Хайям туралы аңыз» атты романы (2-том) У.Қалижановтың аудармасында жарық көрді. Осы жылы оның «Сыр сандықты ашып, қара» (Алматы: «Құс жолы»), «Көңіл көкжиегі» (Алматы: «Құс жолы»), «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым» (Алматы: «Құс жолы») атты көлемді еңбектері де баспа бетін көрді. 2012 жылы соңғы уақытта баспасөз бетінде жарияланған ғылыми мақалалары мен эсселерін қамтитын «Ойкөз» атты зерттеу кітабы жарық көрді.

ҚР Жоғарғы Кеңесі грамотасымен, «Астана» медалімен (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» меретойлық медалімен (2001), «Қазақстан конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006), «Астананың 10-жылдығы» мерейтолық медалімен (2008), «Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011) марапатталған. 2004 жылдан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», 2012 жылдан гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста