Тоқан Анарбекұлы Сұлтаналиев 1949 жылы 10 тамызда Алматы облысының Қарасай ауданында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, А.Бакулев атындағы Мәскеу жүрек-қан тамырлары институтының аспирантурасын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, Халықаралық хирургтар қауымдастығының толық мүшесі
1973-1996 жылдары - Алматы қаласындағы орталық қалалық клиникалық ауруханада, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында қызмет істеді. 1985 жылдан Қазақстан хирургтер қоғамының жауапты хатшысы, А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры, Дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтының ректоры қызметтерін атқарған.
Ғалымның 180-нен аса ғылыми еңбегі жарияланған. Негізгі ғылыми еңбектері хирургия мәселелеріне арналған.
Тоқан Анарбекұлы Сұлтаналиев
Последние статьи автора