Толғанай Бөденқызы Үмбетәлиева 1974 жылы 9 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. 2002-2003 жылдары Германиядағы Гумбольдт университетінде тәжірибеден өткен. Саясаттанушы, саяси ғылымның кандидаты.
1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағат және құжаттаманы басқару жөніндегі комитет жанындағы құжат жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық орталықтың әдіскері, жетекші маманы. 2000-2001 жылдары - Ортаазиялық саяси зерттеулер агенттігінде саяси талдау қызметінің ғылыми қызметкері. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы. 2004-2005 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының талдаушысы. 2006-2007 жылдары - Германиядағы Europa Universitaet Viadrina университетінің оқытушысы. 2007-2008 жылдары - «Альтернатива» ділгір зерттеулер орталығының Сыртқы байланыстар жөніндегі директорының орынбасары. 2008 жылдан «Беркут-Мониторинг» зерттеу компаниясының директоры. Қазір Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры.
«Саяси технологиялар» кітабының, 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Толғанай Бөденқызы Үмбетәлиева
Последние статьи автора