Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері. 1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері. 1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері. 1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған. Рөжиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ы. Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Ә. Әмзеұлының «Қара кемпірі», В. Смеховтың «Али-Баба және 40 қарақшысы». «Абылай хан» (Бұхар жырау), «Мөлдір махаббат» (Жақыпбек), «Гамлет» (Клавдий), «Өмірзая» (Ес), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Едігей), «Мен ішпеген у бар ма?» (Абай), «Ай тұтылған түні» (Дәруіш), «Үміт үзгім келмейді» (Мейірбек), «Сағыныш пен елес» (Хайретдин) спектакльдерінде ойнаған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі.
Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай
Последние статьи автора