Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев
Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев 1962 жылы 6 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор.
1983 жылдан - Алматы қалалық №2 клиникалық аурухананың медицина қызметкері. 1985-1986 жылдары - Жамбыл қаласында ОМК хирург-интерні. 1986-1996 жылдары - Талас ОАБ хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігері. 1996-1999 жылдары - Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 1999-2005 жылдары - Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. 2005-2010 жылдары - Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 2010 жылдан бастап -ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры. 2010 жылдан бастап ҚР «Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының» директоры.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Жамбыл облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен марапатталған.