Талғат Есенәліұлы Сәрсенбаев 1966 жылы 31 тамызда Целиноград облысы Степногор қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары милиция мектебін бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдар атқарған, ҚР Парламент Сенатының Аппарат Басшысының орынбасары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болған. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болды. 2012 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарушы директоры.
Заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған.