Талғат Амангелдіұлы Әбілда 1971 жылы 8 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Целионоград автомобиль көлігі техникумын, Орынбор мемлекеттік университетін, Кино және телевидение техникалық-экономикалық академиясын, РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 1993 жылы - «Қалқаман-Астық» ЖШС-ның менеджері. 1996-1998 жылдары - «АқмолаМұнайГаз Сауда» ЖШС-ның директоры. 1998-2002 жылдары - «Құлагер» сауда үйі» ЖШС-ның бас директоры. 2003-2004 жылдары - «Қарағанды «Қалалық су арнасы» АҚ-ның коммерциялық директоры. 2004-2006 жылдары - «Нұр Астық 2004» ЖШС-ның директоры. 2006-2008 жылдары - «Абылайхан» ЖШС-ның директоры. 2008-2009 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да кен рудалары активі дирекциясының бас сарапшысы. 2009-2010 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» корпоративтік хатшысы. 2010-2011 жылдары - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы шілдеден бастап «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы.
Талғат Амангелдіұлы Әбілда
Последние статьи автора