Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов

 

Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов 1935 жылы 15 қыркүйекте Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Мәскеудің алтын және түсті металлдар институтын тәмамдаған. Металлург, ғалым, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
1958-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының аға зертханашысы, инженері кіші және аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті. 1988-1995 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының директоры. 1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді өңдеу Ұлттық ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі. 1994-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы - президиум мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің Жаралатыстану ғылымы жөніндегі вице-президенті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының Құрметті директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - Еуразия ғылыми-техникалық орталығының президенті.
Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Ол ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғылыми жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физикалық-химиялық негіздері зерттелді. Жоғары температуралы зерттеу саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің төте булануы, тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қожахметовтың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі - кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту зауыттарында кең қолданысқа ие болды. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қожахметовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
250 ғылыми жұмыстың, Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 50 авторлық куәлігінің және 10 шетел патентінің авторы.
11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. «Халықтар достығы» орденімен және медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста