Сұлтан Сартайұлы Сартаев

 Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алматы заң институтын, 1952 жылы Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген. 1952 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Образование и становление Автономной Казахской Советской Социалистической Республики» деген тақырыпта диссертация қорғады.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемленкеттік университетінде 1955 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, осы кафедраның профессоры болып қызмет атқарып келеді. 1970 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-да «Строительство социалистической государственности и проблемы высшего органа народного представительства в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. С.С. Сартаевты заңгер ғалым және қоғам қайраткері ретінде тек Қазақстанда, ТМД мемлекеттерінде ғана емес, Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде біледі. Ол екі Бүкіләлемдік конгреске белсенді қатысып, баяндама жасаған: 1980 жылы Мальтада Халықаралық саяси ғылымдар қауымдастығы (МАЮД), 1984 жылы Грекияда, 1988 жылы АҚШ-та, 1991 жылы Аргентинада, Еуропа мен Азияның жеті мемлекетінде: Испанияда 1982 жылы, ГФР-да 1989 жылы және 1992 жылы, 1993 жылы АҚШ-та адам құқығының ең маңызды мәселелері бойынша дәрістер оқыды.
1955 жылдан бастап республиканың ірі заң жобаларын жасауға атсалысуда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің ХІІ-ХІІІ шақырылымының іскер депутаттарының бірі ретінде тілдер туралы Заңдардың, Республика Президентінің Қызметін тағайындау, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заң жобаларын жасауға қатысқандардың бірі.
Қазақстан тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президент Кеңесі – Республика Президенті жанындағы бас Кеңес органының 9 мүшесінің бірі болған, Президент жанындағы ҚР сотымен сотталғандарға кешірім жасау Республикалық Комиссиясының Төрағасы болды. Ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің теориялық семинар жетекшісі болды. Сонымен қатар “Парасат” және “Еуразия” журналдары редакциялық алқасына мүшелік етті. 20 жылдан астам уақыт Кеңес заңгерлері қауымдастығының, Кеңес саяси ғылымдар қауымдастығының жұмыстарына араласты. Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы Қазақстан заңгерлері Одағының президенті, КСРО заңгерлер Одағы төрағасының орынбасары болды. Қазіргі кезде Қазақстан заңгерлері қауымдастығының төрағасы. Қазақстандағы мемлекеттік емес бірінші жоғары оқу орнының бірі – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының (КИПМО) ректоры. Оның ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық және 30-ға жуық кандидаттық диссертация қорғалды.
490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар. Қазіргі кезде оның басылуға ірі көлемді еңбегі – “Кеңес шарты” бойынша материалдар мен құжаттардың 25 томы және ҚР мемлекет және құқық тарихы бойынша 10 томдық материалдары дайындық үстінде.
1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1995 жылы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, 1996 жылы ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, 2003 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды.
“Құрмет белгісі” орденімен, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалімен, “Білім” Бүкілодақтық қоғамының “Белсенді еңбегі үшін” медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің “Жұмыстағы үздік табыстары үшін” медалімен, “Парасат” орденімен және өзге де наградалармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста