Совхозбек Әбікешұлы Құлмағанбетов

 Совхозбек Әбікешұлы Құлмағанбетов 1960 жылы 20 қарашада Қостанай облысы Аманкелді ауданы Екідін ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірді.
Еңбек жолын 1983 жылы Торғай облыстық қаржы бөлімінің мемлекеттік кіріс бөлімінде аға инспектор болып бастады. 1983 жылғы қараша - 1985 жылғы сәуір аралығында - Кеңес армиясының қатарында міндетті қызметте болды. 1985 жылғы маусым-1990 жылғы қазан аралығында - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасында жұмыс істеді. 1990 жылғы қараша-1994 жылғы маусым аралығында - кооперативтерге салық салу бөлімінің бастығы, Торғай облысы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы бастығының бірінші орынбасары. 1994 жылғы шілде - 1998 жылғы сәуір аралығында - Торғай облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, Торғай және Ақмола облыстық экономика және сауда басқармаларының бастығы. 1998-2000 жылдары - «Айна» ЖШС-ның қаржы директоры (Алматы қаласы). 2000 жылғы шілдеден 2002 жылғы ақпанға дейін - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2002 жылғы наурыз айынан 2011 жылғы қыркүйек айына дейін - «Астанаэнергосервис» АҚ Басқармасының төрағасы, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша департаментінің директоры, «Жихан холдинг» компаниясының президенті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2011 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медалімен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста