Советхан Ғаббасов 1939 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Сұңқар ауылында дүниеге келген. 1957 жылы мектеп бітірісімен, екі жылдай жылқышы болып еңбек етті. 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, кейіннен Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсты аяқтаған. Қазақ КСР Денсаулық министрлігіне қарасты Қазақтың экспериментальді және клиникалық ғылыми зерттеу хирургиялық институтында ғылыми қызметкер, Алматы қалалық емханаларында дәрігер-хирург, ординатор-хирург болып қызмет еткен. Медицина ғылымының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Мектеп» кеңесін басқара жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми зертеу институтының кеңесшісі, республикадағы «Қазақстан» және «Достық» қоғамдарының Президиум мүшесі, «Мектепке дейінгі тәрбие» ғылыми зерттеу институтының директоры болып қызмет еткен. Қазір С.Демирел және Д.Қонаев атындағы университеттердің профессоры.
«Қан жүрісі – жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) секілді кітапшаларын шығарған.
«КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы. Махамбет сыйлығының лауреаты (1996).
Шығармалары: «Қыран қия», әңгімелер. А., «Жазушы», 1971 ж.; «Ана жүрегі», повестер. А., «Жазушы», 1974 ж.; «Өскен ұя», әңгімелер. А., «Жазушы», 1976 ж.; «Серпер», роман. А., «Жазушы», 1979; «Порыв», повести. А., «Советский писатель», 1982 ж.; «Нәзік сезім», роман, повестер. Фрунзе. «Қырғызстан», 1985 ж.; «Кәусар», ғылымифантастикалық роман. А., «Жазушы», 1985 ж.; «Мейірім», повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1989 ж.; «Воззрение», повести, роман. М., «Советский писатель», 1993 ж.; «Ізгілік әліппесі», оқулық. А., 1991 ж.; «Халықтық педагогика негізі», монография. А., «ӘлФараби», 1995 ж.; «Көңіл құсы», роман. 2004 ж.
Советхан Ғаббасов
Последние статьи автора