Серік Байшұқанұлы Керейбаев 1949 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрылыс факультетін бітірген. 1966 жылдан - ШҚО Ласты қой кеңшарының жұмысшысы. 1968 жылдан - «Алматыкультбытстрой» тресі №8 ҚМБ электрмен дәнекерлеушісі. 1975 жылдан - «Алматыкультбытстрой» тресі №16 құрылыс-монтаж басқармасында шебер, прораб, аға прораб, бас инженер, басқарма бастығы. 1990 жылдан - «Алматыкультбытстрой» АҚ бас директоры. 2009 жылдан бастап «Алматықұрылыс» ҰХК» АҚ бірінші вице-президенті.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «ҚазҰУ-ге 75 жыл» медальдарымен, «Даңқты құрылысшы» белгісімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Президентінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Сәулетшілер одағының құрметті мүшесі.
Серік Байшұқанұлы Керейбаев
Последние статьи автора