Серік Әбікенұлы Үмбетов

Серік Әбікенұлы Үмбетов 1950 жылғы 19 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Прудки кеңшарында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1968 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы «Амангелді» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. 1974-1985 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың бригадирі, бөлімше меңгерушісі, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы. 1985-1992 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы «Желтораңғы» кеңшарының директоры, Кеген ауданы агроөнеркәсіптік кешені бірлестігінің төрағасы, Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың директоры. 1992-2004 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі. Жамбыл облысының әкімі (1999 жылғы ақпанынан бастап). 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі. 2005-2011 жылдары - Алматы облысының әкімі. 2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және Ұлттық олимпиада комитетінің алтын орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста