Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов 1929 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, әдеби сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Журналистік және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. 1971-1986 жылдары Мемлекеттік баспа, полиграфия, және кітап саудасы комитетінің төрағасы. 1986-1988 жылдары - Әдебиет және өнер институтының директоры, 1988-1996 жылдары - осы институттың орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, оған қоса Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.
«Қазақ романы және қазіргі дәуір», «Замандас парасаты», «Фольклордан роман-эпопеяға дейін», «Мағжан» сияқты ғылым еңбектердің, «Кітаптану негіздері», «Газет жанрлары», «Қазақ кітабының тарихы» және басқа да оқулықтардың авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов
Последние статьи автора