Сәуле Мұсақызы Тәжібаева 1975 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист. 1995-1997 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші маманы. 1997-2000 жылдары ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің жетекші, бас маманы. 2000-2002 жлдары - Денсаулық сақтау істері агенттігінің жетекші, бас маманы. 2002-2007 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының міндетін атқарушы, экономика және қаржы департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры. 2009-2010 жылдары - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры. 2010 жылғы қаңтардан бері «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Сәуле Мұсақызы Тәжібаева
Последние статьи автора