Сансызбай Елеусізұлы Жолдасбаев

 Сансызбай Елеусізұлы Жолдасбаев 1960 жылы 11 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының «Автоматика және мұздатқыш техникасы» факультетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1988 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «сауда экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 1982 жылдан 1993 жылға дейін Жезқазған облысының мемлекеттік сауда жүйесінде инженер, облыстық сауда басқармасының бөлім бастығы. Жезқазған жеміс-көкөніс базасының директорының орынбасары. Жезқазған облысының «Казмясомолторг» базасының директоры, Жезқазған қалалық сауда басқармасы, Жезқазған қалалық сауда бірлестігінің директоры болып істеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда байланыстары министрлігінің «Қазазық-түлікөндірісшикізат» мемелекеттік сыртқы сауда компаниясының бас директоры орынбасарының қызметіне тағайындалды. 1995 жылдан 1998 жылға дейін «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының қаржы-шаруашылық мәселері жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті қызметін атқарды. 1998 жылғы наурыз айынан қыркүйек айына дейін С.Е. Жолдасбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы болып істеді. 1998 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылда С.Е. Жолдасбаев «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті қызметін атқарды. 2008 жылғы наурыз айынан 2012 жылғы қараша айына дейін С.Е. Жолдасбаев «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы болып істеді. 2012 жылғы наурыз айынан 2014 жылғы қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының экономикалық және әкімшілік мәселелері жөніндігі вице-ректоры болып істеді. 2014 жылғы 25 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының қызметін атқарады.
Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті. «Құрмет» орденімен (2010), ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Статистика агенттігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста