Салтанат Берденқызы Байқошқарова

Салтанат Берденқызы Байқошқарова 1960 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін 1983 жылы тәмамдаған. Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) лабораториясы – «Экомед» емханасының (18.03.95 ж. ашылған) негізін қалаушы және жетекшісі. Репродуктология саласында еңбек етіп келе жатқанына 22 жыл болды.  Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағының иесі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі» атты құрмет белгісімен,  Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен  және «Құрмет» орденімен марапатталған.
Байқошқарова Салтанат Берденқызы – Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы.
Медицинадағы еңбек жолын 1988 жылы Алматы қалалық кеңесханасында дәрігер-лаборант болып бастаған. Ерлер бедеулігін анықтаумен айналысып, күйеуінің немесе донордың шәуһетімен жатырішілік инсеминация жасау және аталық ұрық криоконсервациясы әдістерін енгізген.
1995 жылы бедеулікті емдейтін «Экомед» орталығын ұйымдастырып, Қазақстанда және Орталық Азияда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісін енгізді. Нәтижесінде 1996 жылы 31 шілдеде осы лабораторияда Қазақстандағы алғашқы «құтыдағы бала» дүниеге келді. Қазақстандағы алғашқы лаборатория ретінде «Экомед» емханасы 1995 жылы Франциядағы Дүниежүзілік ДТҰ регистріне тіркелген.
Қазіргі уақытта Салтанат Байқошқарованың тек жақсылыққа ұмтылуы мен ізденімпаздығының арқасында «Экомед» емханасында дүниежүзіндегі адам ұрпағын өрбіту саласында қолданылатын жаңа заманға сай әдістердің барлығы енгізілген. Бұл кісінің көмегімен дүниеге келген балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінде және алыс және жақын шетелдерде өмір сүреді. Салтанат Берденқызын ерекшелендіретін ол – өзі таңдаған ісіне деген құлшынысы, еңбекқорлығы, адалдығы мен махаббаты. Ол алыс ауылдардан келген материалдық жағдайы төмен әйелдерге әрқашан қол ұшын беріп, шамасы келгенше көмегін аямайды.
Байқошқарова С.Б. Еуропалық адам ұрпағын өрбіту және эмбриология Ассоциациясы мен Ресей Адам Ұрпағын Өрбіту Ассоциациясының мүшесі және олардың барлық конгресстеріне қатысады. Салтанат Берденқызы 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол Қазақстанда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру тақырыбында кандидаттық, содан кейін докторлық диссертацияларын қорғаған. Сонымен бірге, ол ағартушылық жұмыспен айналысып, түрлі газеттер мен журналдарға ғылыми-көпшілік мақалалар жазады. Соңғы бес жыл бойы «Хабар» агенттігіндегі халық денсаулығы мәселелеріне арналған, «Бірінші байлық - денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі және кеңесшісі болып келеді.
Байқошқарова С.Б. Кеңес одағындағы ДТҰ-ның негізін қалаушылар – профессор В.М. Здановский және Ресей мен Кеңес Одағындағы алғашқы ДТҰ лабораториясын басқарған профессор Б.В. Леоновтың ең үздік шәкірттерінің бірі.Ол Аддлер қаласындағы Ресей-Американдық ұрпақ өрбіту және генетика орталығында, Мәскеудегі бедеулікті емдейтін «ЭКО» орталығында, Ресей акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми Орталығында, сонымен бірге Германияның Бондық университеттік емханасында, Израильдің Тель-Авивтік университеттік емханасында тәжірибе алған. Тәжірибе алмасу мақсатымен профессор С.Антиноридің RAPRUI адам ұрпағын өрбіту Орталығында (Рим, Италия), Ульм қаласының университеттік емханасында (Германия), Германияның Бонн және Ульм қалаларындағы бірқатар жеке ДТҰ орталықтарында, Ресей-Финдік "Ава-Петер" орталығында (Санкт-Петербург) және профессор Катоның «Kato Ladies Clinic» емханасында болған.
2006 жылы Салтанат Байқошқарованың ұйымдастыруымен, Алматы қаласының Денсаулық Сақтау Департаменті және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының қолдауымен «Қазақстандағы ДТҰ әдісімен дүниеге келген алғашқы «құтыдан шыққан» баланың 10-жылдығына арналған» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция Ресей, Израиль, Өбекстан, Қырғызстан және Германия ғалымдарының қатысуымен өтті.
Салтанат Байқошқарованың жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен аталған. 2001 жылы Алматы қаласының ғылым қайраткері атанып, «Алматы Жұлдызы» медалімен марапатталған. ДТҰ саласындағы ең бірінші маман және Қазақстандағы бірінші ДТҰ лабораториясының негізін қалаушы ретінде КИНЭС Қазақстандық рекордтар кітабының денсаулық сақтау бөліміне енгізілген. ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2008 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің №593 Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссияның мүшесі болды.
Қазақстан Адам Ұрпағын Өрбіту Ассоциациясының Президенті. Дүниежүзілік репродуктивті медицина Ассоциациясының (World Assosiation of Reproductive Medicine (WARM)) мүшесі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста