Шаймұрат Шәукетұлы Отарбаев
Шаймұрат Шәукетұлы Отарбаев 1958 жылы 7 желтоқсанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1980), құқықтанушы. 1980 жылдан - ҚазКСР Ғылым Академиясы философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері. 1984 жылдан - ҚазКСР ҰҚК органдарында қызметте. 1995 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасы аппаратының жетекшісі. 1997 жылдан - ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы. 2000 жылдан - БҚО бойынша ҰҚК Департаментінің бастығы. 2003 жылдан 2009 жылдың мамыр айына дейін - Қарағанды облысы бойынша ҰҚК Департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап - Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Департаментінің бастығы болды. «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Мінсіз қызметі үшін» (2002) медальдарымен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері. Запастағы генерал-майор.