Қуандық Түменбай

Қуандық Түменбай 1955 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, қазіргі Ыбырай Жақаев ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1991 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты тамамдаған. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, «Жалын» баспасының редакторы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, «Қазақстан» баспасының Бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы, «Қазақстан», «Жұлдыз» журналдары бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарған.
2008 жылдан бері «Үркер» журналының Бас редакторы. «Қайың сапты кетпен» атты алғашқы әңгімесі 1974 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде студент кезінде жарияланды. «Шоқты көрік» атты әңгімесі жастардың прозалық «Арман қанатында» атты жинағының тұңғыш кітабында 1978 жылы жарық көрді. Сонан бері он шақты прозалық кітаптың авторы. Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің мүшесі. Жас жазушылардың 1989 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ІХ кеңесіне қатысқан.
«Узоры на песке», «Муки человеческие», «Горемыка» атты әңгіме, хикаяттары орыс тілінде, «Қайың сапты кетпен» атты әңгімесі ұйғыр тілінде, «Қандас көршілер» әңгімесі неміс тілінде, араб, өзбек, қарақалпақ тілдерінде жарияланған. «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты (1985). Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған жабық бәйгенің бас жүлдегері (2002). «Астана бәйтерек» конкурсының І жүлдегері (2006). «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш және рух» бәйгесінің жеңімпазы (2008). Шығармалары қазақ орта мектебінің 5-сыныбына арналған қазақ тілі оқулығына, орыс мектептерінің 10–11-сыныптарына арналған «Диктанттар жинағына» енген. Республикалық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Қазақстан жазушылары – жастарға» айдарымен жазушының шығармашылығына арнап «Жарыса аққан қос өзен» атты әдістемелік құрал шығарған.
Халықаралық «Алаш», «Сорос–Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Қайың сапты кетпен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1982; Жүрдек поезд. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Каникулды күткен қыз. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1990; Жігіттің Көктөбесі. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; Қанаты күйген қызғыш құс. Деректі повесть. Шымкент. «Жібек жолы», 1995; Сотталған домбыра. Әңгімелер. А., «Өнер», 1998; Көз. Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Зерде», 1999; Жасыл жанып тұрғанда. Роман және әңгімелер. А., «Сөздік—словарь», 2001; Қой мен қойшы. Роман, хикаяттар, әңгімелер. А., «Жазушы», 2004; Ар мен дар. Көсем сөз кітабы. А., «Қазығұрт», 2005; Көзбояуы жоқ көріністер. Новеллалар мен публицистикалық мақалалар. А., «Жазушы», 2008; Қобыздың мұңы. Хикаяттар мен әңгімелер. Астана. «Раритет», 2008.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста