Қасым Әзімхан 1952 жылы 24 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қошқар ата ауылында дүниеге келген. 1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1967 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, Жуалы аудандық газетінде корректор, тілші, жауапты хатшы (1970–76 жылдары), "Лениншіл жас" газетінде корректор, тілші, бөлім бастығы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары (1976-90, 1992-97 жылдары), "Егемен Қазақстан" газетінің аға тілшісі (1990-92 жылдары), "Заң газеті" және "Заң" журналының бас редакторы (1997–2002 жылдары) болып қызмет атқарды. Қазір «Құқықтық Қазақстан» газетінің бас редакторы. ҚР Журналистер одағы жүлдесінің иегері.
Қасым Әзімхан
Последние статьи автора