Қаныш Аманбайұлы Төлеушин 1983 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. 2006 жылы Оксфорд Брукс университетін аяқтады, (Оксфорд, Ұлыбритания. Магистратура). 2004 жылы Еуразия Ұлттық университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады. 2004-2005 жылдар аралығында - «Темірбанк» АҚ, Бухгалтер-операционист, Есеп айырысу-касса бөлімінің бастығы. 2006 жылы - «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, Кеңесші. 2006-2007 жылдар аралығында - "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, Бас сарапшысы. 2007 жылы - ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Инновациялық саясат басқармасының бастығы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру бойынша семинарларда сабақ берді. 2008-2011 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, кеңесші, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2011-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. 2013 жылдың шілдесінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқармасының құрамына кірді, Басқарушы директор.
Қаныш Аманбайұлы Төлеушин
Последние статьи автора