Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғышлақ облысы Ералы ауданының Ералы кентінде дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химик-дәріскер мамандығы бойынша. 2006 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Дарынды балалар мәселелері, білім беру жүйесін басқарудың нысандары, қазақ тілін оқытатын мектептердің мәселелері бойынша 4 мақаланың авторы.
1987 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1992 жылдан «Қаражанбас- мұнай» ААҚ-ның инженері. 1993 жылдан Ақтау қалалық политехникалық колледжінің дәріскері. 1995 жылдан ҚР Қарулы Күштерінде қызметте. 1997 жылдан №5 орта мектепте биология пәнінің мүғалімі. 1997 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының жетекші маманы. 2000 жылдан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры. 2004 жылдан Маңғыстау облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы. 2005 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының міндетін атқарушы. 2005 жылдың маусымынан - директорының орынбасары. 2005 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2006 жылдан Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы, департамент директорының орынбасары, директоры. 2008 жылдан - Маңғыстау облыстық Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылдың маусым айынан бастап «Нұр Отан» ХДП-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
ҚР білім беру ісінің үздігі (2006).
Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев
Последние статьи автора