Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов 1948 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Мәскеу мемлекеттік университетінде, Герман археологиялық институтында еңбек өтілінен өткен. Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, тарих факультеті деканының орынбасары, деканы болған. 1997-1999 жылдары Георг Август атындағы Геттингенск университетінде профессор болып жұмыс істеп, «Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс» мәселесі бойынша неміс тілінде дәріс оқыған. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі және 2 монографиясы жарық көрген.
Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов
Последние статьи автора