Қайырбек Асанов

Қайырбек Асанов 1945 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданындағы бұрынғы «Қызыл орақ» қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. 1953–1964 жылдары орта мектепті бітіріп, әскер қатарына шақырылады. Әскерден оралған соң Тереңөзек ауданындағы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, «Қараөзек» совхозы Комсомол комитетінің хатшысы, аудандық тұтынушылар одағының кадр жөніндегі инспекторы болып қызмет істеген. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, соңғы курсында оқып жүріп-ақ «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жұмысқа орналасады. Осы кезеңнен бастап ол жастар өмірінің сансаласынан көркем очерк, публицистикалық мақалалар жазып оқырмандар назарына іліге бастайды. Оның «Шәкира», «Бағлан», «Шиелі шынарлары», «Береке бастауы», «Бақыт баспалдақтары», «Оның жұлдызы биік» т.б. очерктері сол кезеңнің жастарын тәрбиелеуге ықпал еткені сөзсіз.
«Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы болып он төрт жылдай қызмет атқарды. Газеттің 50 жылдығына орай 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1994 жылы Қазақстанда ашылған «ЗаманҚазақстан» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Әдеби қордың директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі жанындағы дипломатиялық академияның бөлім меңгерушісі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің салалық «Отан» атты саяси-қоғамдық журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Алматы технологиялық университетінде «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары және «Престиж», «Талапкер» атты көп тиражды газеттердің редакторы болды.
1987–1988 жылдары Алматы облыстық партия комитеті жанындағы марксизм-ленинизм жоғарғы мектебін бітірген. Ол «Тұңғыш» (1978), «Сүйемін сені» (1980), «Ғашық ғұмыр» (1982), «Сен жанымда жүрсең» (1989), «Ағайынға ақ тілек» (2004), «Күннің нұры қуатым» (2005), «Махаббат» (2006), «Адалдық асыл мұратым» (2009) атты жыр жинақтарының авторы.
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшәйрасында ынталандыру сыйлығын иемденсе, жыл сайын өткізілетін Абай оқуларының 2003 жылғы жүлдегері атанып, Алматы қаласы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста