Қайрат Советайұлы Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысының Аманкелді ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заңгерлік факультетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты.
Торғай облыстық спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 1991-1993 жылдары - Алматы қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі. 1993-1996 жылдары - «Дека» компаниясының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Алаш» Жабық үлгідегі акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары - «Алтын алма» ЖШС-ның бас директоры. 1999-2000 жылдары - «Система» ЖШС-ның вице-президенті. 2000 жылы - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның атқарушы директоры. 2000-2002 жылдары - «Intergas Central Asia» ЖАҚ-ның коммерциялық директоры. 2002-2006 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары. 2006 жылдың тамызынан бастап «ҚазРосГаз» АҚ-ның бас директоры.
Қайрат Советайұлы Боранбаев
Последние статьи автора