Палымбетов Болат Әбілқасымұлы 1961 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ политехника институтын, Еуразия нарық институтын бітірген. 1990-1991 жылдары - «Қайсар» өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - «Жастар» жастар қоры кеңесінің төрағасы, «Олжа» шағын кәсіпорны директорының орынбас-ары. 1992-1993 жылдары - Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңге-рушісі, «Астана-Полис» сақтандыру фирмасының директоры. 1993-1997 жылдары - «Астана-Инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы. 1997-1998 жылдары - «Аста-на-Холдинг» Корпорациясы» ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас ди-ректорының бірінші орынбасары. 2002-2006 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. 2006 жы-лы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылы - «Меркурий» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры. «ҚазПетроМаш» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
«Құрмет», 3-дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымының кандидаты.
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы
Последние статьи автора