Ошақбаев Рахым Сәкенұлы 1976 жылы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында туған.
1999 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
1999 – 2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында әскери қызмет атқарды.
Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы-лизингтік компаниясында бастады. 2002 жылдың шілдесінде Басқарма Төрағасы болып сайланды. Оғанға дейін бас бухгалтер, басқарушы директор, Басқарма Төрағасының несие-лизингтік қызмет жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды.
2003 жылғы қазанда – Дүниежүзілік банктің (IFC) Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстанда лизингті дамыту жөніндегі Жобасының жетекшісі болды.
2004 жылғы ақпан – 2008 жылғы қаңтарда – кәсіпкер, жекеменшік компанияның бас директоры.
2009 жылғы маусым – 2011 жылғы мамырда - «АӨК экономикалық саясатының талдау орталығы» ЖШС бас директоры .
2011 жылғы мамырдан бастап – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың ақпараттық-талдау департаментінің директоры, басқарушы директоры.
2012 жылғы ақпаннан бастап – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары.
Рахым Сәкенұлының Twitter және Facebook әлеуметтік желілерінде жеке парақшалары бар.
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары.
Ошақбаев Рахым Сәкенұлы
Последние статьи автора