Орынбасар Қалықбайұлы Тазабеков

Орынбасар Қалықбайұлы Тазабеков 1961 жылы 7 қыркүйекте Талдықорған облысы Доланалы поселкесінде дүниеге келген. Ол әке-шешесінен ерте айырылған, сөйтіп, балалық шағын Қоғалы мектеп-интернатында өткізіп, орта мектепті де сонда бітіреді.
Өз қызметін 1978 жылы “Қоғалы” совхозында жұмысшы болып бастайды. Сол жерден М.О.Әуезов атындағы академиялық театрындағы студияға оқуға түседі. Оқуды бітіріп, 1980 жылы аталмыш театрға актер болып қабылданған. Біршама спектакльдерде ойнады, көбнесе, А.Вампиловтың “Два коротких анекдота” спектаклінде Колошин ролінде ойнаған.
Сол жылдары Кеңестік Әскер қатарына шақырылады. Ауғанстандағы Кеңес әскерінде шектеулі контингент құрамында соғысқан. 117 жеке десанттар жасағында әскери санитарлық нұсқаушы болып тағайындалған, кейін медициналық санитарлық баталион старшинасы болған. Әйгілі Борис Төкенұлы Керімбаевтың командасымен, Шах-Масуд жасағына қарсы соғыс операциясына қатысқан. Сол соғыста жараланып, Ташкенттегі Володарсткий атындағы Қорғаныс министіріннің госпиталіне жатады. Соғыс жылдарында алған марапаттары бар: “Ерлік үшін”, “Ауғанстан халқынан алғыс” медальдері және ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталған. 1982 жылы көктемде Кеңес Әскерінен елге оралады.
1982-1986 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік көркем-театр институтында театр және кино актері бөлімінде оқыды. 1986-1987 жылдар аралығында Орталық қазақ телевизиясының директоры болып қызмет етті. 1987-1992 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы театрда актер, бас меңгеруші болып қызмет еткен. Көптеген рольдерде ойнаған, “Жұлдызым менің жоғары” атты спектакльде Рахмет ролін, М.Әуезовтің “Қаракөз”, “Еңлік-Кебек” трагедиясында Наршы мен Көбейдің ролін, Шекспирдің “Юлий Цезарь” спектаклінде Марк Антонио ролінде ойнаған, сонымен қатар, М.Әуезовтың “Абай” спектаклінде Әбрахман ролін, А.Жағановтың “Беймаза әйел” шығармасында Еркіннің ролін, “Жас Сәтпаев” телеспекталінде Қ.Сәтпаев ролін сомдап, режиссер Т.Аргангиевтың “Лейтенант С” көркем фильмінде старшина ролінде ойнаған.
КСРО ыдырауынан кейін, 1992 жылы театрдан кетіп бизнеспен айналысуға мәжбүр болған. Осылайша, “Тараз” мейрамханалар желісін ашты. 2000 жылы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Заңгер-құқықтанушы” мамандығын бітірген. 2002 жылы туған жері Доланалы поселкесіндегі орта мектептің үздік оқушыларына әке-шешесі “Қалықпай-Зейнеп” атынан ақшалай мақтау грамотасын ұйымдастырған. 2006 жылы Қазақстанда бірінші болып, құрамында кинотеатр, ресторан, фитнес клуб, дүкен және диско-бары бар жекеменшік театр-кешені “Тазабеков театрын” ашты. “Ақ шолпан” өлеңдер мен әңгімелер жинағының авторы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста