Омаров Еренғайып Сәліпұлы (1948) жылы дүниеге келді. Қазақстан, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академияларының академигі, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық индустриалдық институтының ассистенті болып бастаған. ҚазМУ-дың оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар институтының доценті, 1991 жылдан «Қайнар» университетінің ректоры болды. 1995 жылдан - ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті. 2000 жылдан «Қайнар» университеті жанындағы Қазақ өркениеті институтының директоры. «Қазақ өркениеті» журналының редакция алқасының мүшесі.
Ресей Жаратылыстану ғылмдары академиясының П.Капица атындағы медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. «Қазақ өркениетінің қысқаша тарихы» кітаының, 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Омаров Еренғайып Сәліпұлы
Последние статьи автора