Нұржан Қуантайұлы

Нұржан Қуантайұлы

Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

1993-1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995-1996 жылдары Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті, 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002-2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004-2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005-2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Media орталығының директоры.

2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы жарыққа шықты. «Қолшатыр», «Қараөзек», «Күмбір» кітаптарының авторы. 

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. 2013 жылдан ҚР Журналистер академиясының академигі.

Сілтемені басу арқылы Нұржан Қуантайұлының «ҚОЛШАТЫР» кітабын оқи аласыздар (роман, әңгімелер, аудармалар, өлеңдер).

Басылым бетінде жарияланған шығармалары:

1. Нұржан Қуантайұлы. Күмбір (Алматы: Қазығұрт, 2005. - б.).

2. Нұржан Қуантайұлы. Бәтіңке: әңгіме (Жұлдыз. – 2001. - №11. – 59-63 б.).

3. Нұржан Қуантайұлы. Дыбыс қалғып, маң бозарып... (Қазақ әдебиеті. – 2002. – 14 маусым (№24). – 7 б.).

4. Нұржан Қуантайұлы. Жүректегі күмбірлер....поэзия (Жас қалам. – 2005. – 8 шілде (№27). – 8 б. – «Қазақ әдебиеті» қосымшасы №5).

5. Нұржан Қуантайұлы. Бәтіңке: әңгіме (Жұлдыз. - 2001. - №11. - 59-63 б.)

Басылым бетінде жарияланған мақалалары:

1. Нұржан Қуантайұлы: «Желтоқсан оқиғасын жаңаша көрсетуге ұмтылдым» (Жас алаш. – 2002. – 14 желтоқсан. – 11 б).

2. Нұржан Қуантайұлы: Мағжаның белгісіз өлеңі: [М.Жұмабаев туралы] (Жас алаш. – 2000. – 28 қараша).

3. Нұржан Қуантайұлы: Сәулетті менің Ордам қонған жер...: [Бөкей Ордасына 200 жыл] (Жас алаш. – 2001. – 17 сәуір).

4. Нұржан Қуантайұлы: Халел мырзаның қилы тағдыры: [экономика қайраткері Халел Ғаббасов туралы] ( Жас алаш. – 2001. – 6 наурыз).

5. Нұржан Қуантайұлы: Алаш Орда Үкіметі болған ба? (Жас алаш. – 2001. – 2 маусым. – 4 б).

6. Нұржан Қуантайұлы: Алаштың намысты азаматы: [Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы] (Жас алаш. – 2001. – 1 желтосан. – 3-4 б).

7. Нұржан Қуантайұлы:  Ешқашан, ешуақытта ұмытуға болмайтын қасірет: [31-мамыр құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні] (Жас алаш. – 2001. – 31 мамыр).

8. Нұржан Қуантайұлы: Күшті режиссура болмаса, ұлт театры өспейді (Жас алаш. – 2002. – 21 наурыз (№34-35). – 5 б).

9. Нұржан Қуантайұлы: Жүсіпбек Аймауытұлы. Жаңадан табылған шығармалар (Жұлдыз. – 2003. - №3. – 3 б).

10. Нұржан Қуантайұлы: Дөңгеленген дүние - ай... (Егемен Қазақстан. - 2011. - 15 шілде (№ 299/300). - 5 б).

11. Тану мен талғампаздық (Н. Қуантайұлы, О. Жәлелұлы, Ұ. Еркінбай; дайындаған А. Ашанова // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 9-15 қараша (№ 46). - 1, 6 б).

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста