Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек 1954 жылы 28 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1979 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетін және 1989 жылы Мәскеудегі КСРО ҒА-ның Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Тарих ғылымының докторы (2004), профессор (2005).
1989 жылдан ҚазҰУ-дың тарих факультетінде оқытушы, доцент (1991), шығыстану факультетінің деканы (1996-2002), шығыстану кафедрасының меңгерушісі (2002-2003), 2005 жылдан шығыстану факультетінің деканы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры болып қызмет атқарды.
2003 жылы «Ресей, КСРО және Қытайдың Шыңжаңдағы саясаты. 18 ғ. – 1949 жыл» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2 монография («Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском регионе в 17–19 вв.», 2001; «Тарихы талқыға толы Шыңжаң», 2003), бірқатар оқулықтар мен оқу-әдістемелік еңбектердің және 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы.
Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек
Последние статьи автора