Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорда қаласындағы № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі). 2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі. 2007-2010 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Төрағасының орынбасары. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2012 жылы қазан айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов
Последние статьи автора