Нұртас Мұхтарұлы Мұхтаров 1951 жылы 17 қазанда Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1967 жылы «Гурьевсельстрой» тресінің №904 жылжымалы -механикалық колоннасының тас қалаушысы болып бастады. 1975-1976 жылдары - Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының Махамбет аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1976-1986 жылдары - әскерге, авиацияға және флотқа жәрдемдесетін ерікті қоғамның Махамбет аудандық комитетінің төрағасы. 1986-1988, 1991-1994 жылдары - Агроөндіріс кешені қызметкерлерінің Махамбет аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1988-1991 жылдары - Махамбет аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 1994-1995 жылдары - Махамбет ауылдық округі әкімдігінің басшысы. 1995-1999 жылдары - Махамбет ауданы әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары. 1999-2001 жылдары - Исатай ауданының әкімі. 2001-2002 жылдары - «Агросервис» коммунальдық мемлекеттік кәсіпорының директоры. 2002-2005 жылдары - Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі. 2005-2010 жылдары - Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың наурыз айынан бастап - Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы.
Нұртас Мұхтарұлы Мұхтаров
Последние статьи автора