Нұрлан Далбай 1961 жылы 11 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1989 жылы Е. Репин атындағы академияны тәмадады. 1993 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
1990 жылы Дрезден қаласындағы (Германия) Жоғарғы өнер мектебінде тәжірибе жинақтаудан өтті. Ол Ғ.Орманов (бюст, 1984), Алматыдағы Тәуелсіздік монументі (1998, басқа авторлармен бірге), М.Мақатаев (2002), Ә.Қастеев (2004), Атыраудағы Д.Нүрпейісова (1999), Астанадағы Кенесары Қасымұлы (2001), Оралдағы Абай (2002) және Сырым Датұлы, т.б. ескерткіштердің авторы. Кескіндеме саласында да еңбек етеді. 1987 жылы Алматыда жеке көрмесі ұйымдастырылды. Халықаралық көрмелерге (Германия, 1996; Баку, 1999; Лондон, 2000, т.б.) қатысқан. Жеке еңбектері Қазақстан, Франция, Түркия, Германия, Швеция және т.б. жеке коллекцияларынан табылады.
Нұрлан Далбай
Последние статьи автора