Нұрлан Болатұлы Сүйінбаев 1973 жылы 16 қарашада Ақтөбе облысының Қарабұтақ кентінде туған. Халықаралық басқару бизнес және құқық институтының заң факультетін (Славянск қаласы, Украина, 1996) заңгер-менеджер мамандығы бойынша; Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекетік университетінің экономика факультетін (2004) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
1990 жылдан - Қарабұтақ кентіндегі Қарабұтақ аудандық дайындау кеңсесінің жұмысшысы. 1994 жылдан - «Инициал» инвестициялық қорының тіркеушісі, инвестициялар жөніндегі директоры, «Велта» ЖШС атқарушы директоры. 1997 жылдан - «Қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ Ақтөбе филиалының сайыстық басқарушысы. 1999 жылдан «Жылуэнергия» ААҚ заң кеңесшісі, еңбек пен басқаруды ғылыми ұйымдастыру бөлімінің бастығы (Ақтөбе қаласы). 2002 жылдан - «Интертрейд» ААҚ бас директоры (Ақтөбе қаласы). 2003 жылдың ақпанынан - Атырау облысының құрылыс және тұрғын коммуналдық шаруашылық департаменті директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2003 жылдың тамызынан - жер пайдалану бөлімінің бастығы, Атырау облыстық мұнай-газ кешені, сыртқы экономикалық байланыстар мен инвестициялық саясат басқармасы бастығының орынбасары. 2005 жылдан - Атырау облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан - Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының жетекшісі.
2009 жылдың қарашасынан бері - Ақтөбе облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агеттігі басқармасының бастығы - Ақтөбе облысындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Тәртіптік кеңес төрағасы. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған (2008).
Нұрлан Болатұлы Сүйінбаев
Последние статьи автора