Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газет-журнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы. Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б. «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Көркем шығармалары мектеп оқулықтарына енген. Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
Шығармалары: Жұмбақ іздер. «Жалын», 1980; Үндемейтін ұл. «Жалын», 1982; Қиырдан келген көгершін. «Жалын», 1984; Сынық домбыраның сазы. «Жалын», 1986; Таң алдындағы дабыл. «Жазушы», 1987; Необыкновенное лето. «Жалын», 1989; Жатақхана қыздары. «Жазушы», 1990; Ұры қыздың тағдыры. «Нұрпринт – 75», 2001; Алтынбек. «Балауса», 2003; Зұлмат жылдары қазақ прозасында. 2005; Текті әулеттің тұлғасы. «Нұрпринт – 75», 2008.
Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш
Последние статьи автора