Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар уни-верситеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Биографиясы
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - облыс әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орын-басары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан об-лысының әкімі болып тағайындалды.
Наградалары
• 2010 жылы «Құрмет» ордені;
• "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі;
• "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі.
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы
Последние статьи автора