Несіп Жүнісбаев 1950 жылы 10 желтоқсанда Талдықорған облысы Қаратал ауданы Көпбірлік ауылында дүниеге келген. Журналист, жазушы, тоғызқұмалақтан Қазақстанның спорт шебері (1987), жоғары дәрежелі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1998). ҚазМУ-ды (1975), Қазақ дене тәрбиесі институтын (1995, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) бітірген. 1975-1991 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің бөлім меңгерушісі болды. 1991 жылдан «SPORT&ks» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.
Жүнісбаев Несіп Қазақстанның тоғызқұмалақтан өткен тұңғыш спартакиадасының чемпионы (1984). Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының тұңғыш президенті. Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының төрағасы. Спорт тақырыбына арналған оннан астам кітабы жарық көрген. Спорт тақырыбына арнап оннан астам кітап жазған. «Үшінші раунд» (1980), «Ауылдан шыққан алыптар» (1986), «Мексикадағы футбол тойы» (1988), «Футболмен тыныстаған Испания» (1989), «Олимпийский маршрут» (1999, 2002) кітаптары жарық көрген. Жүнісбаев Қазақстанда тұңғыш «Намыс» ұлттық футбол клубын ұйымдастырушы. Әлем спорт журналистері қауымдастыгының мүшесі жане Азия спорт Журналистер одағы атқару комитетінің мүшесі. Орыс тілінде жазылған «Олимиийский маршрут: Барселона - 92, Атланта - 96, Нагано - 98» атты кітабы 2000 жылдың қорытындысында Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің (1985) жүлдегері. «Әкемнің қамшысы» (2002), «Намыс жыртар ұл қайда?» (2003) атты ой толғамдары жарық көрген.
Несіп Жүнісбаев
Последние статьи автора