Нәжмедин Түрікбенұлы Мұсабаев

Нәжмедин Түрікбенұлы Мұсабаев

Нәжмедин Түрікбенұлы Мұсабаев 1950 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының инженер-құрылыс факультетін инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша, 1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институтын политолог, ЖОО-да әлеуметтік-саяси ғылымдардың оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Ортаймаған қазаны, қасиетті Қазалы» (1995), «Аралдың айбынды азаматтары» (2005), «Аралдың ардақты аналары» (2005), «Аралдың аққу жырлары» (2005), «Шүкіров шұғыласы» (2007), «Тәуелсіздікті ту еткен тұлғалар» (2008), Арал ауданына 80 жыл «Әлем таныған Арал» (2009) атты кітаптардың авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1971 жылдан - қазақ химия-технологиялық институтының кіші ғылыми қызметкері, 1972 жылдан - аға ғылыми қызметкері (Шымкент қаласы). 1973 жылдан - «Қызылорда жөндеу су құрылыс» тресінің №64 Қазалы жылжымалы механикаландырылған колоннасының аға инженері, 1974 жылдан - аға инженер-экономисі. 1975 жылдан - Қызылорда облысы Қазақстан Компартиясының Қазалы аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдан - ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1979 жылдан - «Облжөндеу құрылыс» тресінің жөндеу-құрылыс шаруашылық есеп айырысу учаскесінің бастығы (Жаңа Қазалы кенті). 1980 жылдан - «Қызылорда жөндеу су құрылыс» тресінің №64 Қазалы жылжымалы механикаландырылған колоннасының бастығы. 1983 жылдан - Қызылорда облысы Қазалы аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1984 жылдан - Қызылорда облысы Қазақстан Компартиясы Қазалы аудандық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1986 жылдан - ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан - екінші хатшысы. 1989 жылдан - Қызылорда облысы Қазалы аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы. 1991 жылдан - Қызылорда облыстық Халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - Қызылорда облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылдан - Қызылорда облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - облыстық экономика басқармасының бастығы. 1995 жылдан - Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі. 1997 жылдың сәуірінен - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ президентінің кеңесшісі (Қызылорда қ.). 1997 жылдың қазанынан - Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары - Қызылорда арнайы экономикалық аймағының әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2000 жылдан - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі. 2004-2013 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі болды.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1997). «Құрмет» орденімен (2006), «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» (2008) құрмет белгісімен марапатталған. Әскери атағы - запастағы подполковник.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста