Наурызбай Асанбайұлы Таубаев 1952 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген савхозында жұмысшы болудан бастады. Өзінің азаматтық борышын Кеңес Әскерінің Қарулы күштері қатарында атқарған.
1972 жылдан 1984 жылға дейін Қапшағай және Алматы қалаларының құрылыс ұйымдарында жәй жұмысшыдан прораб лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1980 жылы Алматы тәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тамамдады.
1984 жылдан 1988 жылға дейін Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрінің көмекшісі, ал 1988 жылдан 1989 жылға дейін «Казмебельлеспром» ғылыми техникалық өндірістік бірлестігінің кадрлар және әлеуметтік даму бөлімі бастығының орынбасары. 1989 жылмен 1992 жылдар аралығында- Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының көмекшісі. 1992 жылдан 1993 жылға дейін- Алматы қаласының мемлекеттік меншігінен алу және коммуналдық меншікті жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы, ал 1993-1994 жылдар аралығында – Алматы қалалық әкімшілігі Басшысының орынбасары. Алматы қалалық мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы.
1994 жылдан 1995 жылға дейін – «ҚазЖиһаз» холдингтік компаниясының вице-президенті.1995 жылдан 1997 жылға дейін- Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 1997 жылдан 2001 жылға дейін - Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы. 2001 жылдың маусымынан тамызына дейін «Алматы қаласы әкімінің техникалық инспекциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры. 2001 жылдан 2005 жылға дейін «ҚазМұнай Газ» ұлттық мұнайгаз компаниясының «КазСтройСервис» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2005 жылдан 2008 жылға дейін – Алматы облыстық жер қатынастар басқармасының бастығы. 2008 жылғы 20 қарашадан Қапшағай қаласының әкімі.
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы», «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының сәулетшілер Одағының Құрметті мүшесі», «Қазақстан Республикасының Құрметті жер құрылысшысы» деген атақтарға ие. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен мерапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы, 2 баласы бар.
Наурызбай Асанбайұлы Таубаев
Последние статьи автора