Наталья Артемовна Коржова
Наталья Артемовна Коржова 1958 жылы 8 сәуірде Талдықорған облысының Сарқанд қаласында дүниеге келген.
1979 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының докторы.
Қаржы саласындағы еңбек жолын 1979 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратында Әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыру басқармасының экономисті, аға экономисті, Әлеуметтік дамуды қаржыландыру бөлімі әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыру кіші бөлімінің бастығы, Халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру басқармасының бастығынан бастап Әлеуметтік сала департаментінің бастығына дейін жұмыс істеді.
1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, бірінші вице-министрі болды.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2008 жылғы 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.
Арнайы және мерзімді басылымдарда ғылыми еңбектері жарияланған.
«Қазақстан Футбол Федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ атқарушы комитетінің мүшесі болған.
Құрмет» орденімен – 2001 жылы, «Парасат» орденімен – 2009 жылы, мерейтойлық медальдармен, «Қаржы қызметінің үздігі» ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісімен – 2011 жылы марапатталған.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.