Наиля Қапенқызы Нұрланова 1949 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы, профессор. Экономика институты директорының орынбасары.
250-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде «Қазақстан экономикасында инвестицияны қолдану және қалыптастыру: стратегия және механизм». (Алматы. - 1998. 15 п.л.), «Қазақстанның тұрақты дамуының аймақтық парадигмасы: теория және тәжірибе мәселелері». (Алматы. - 2010. - 20 п.л.) сияқты жеке монографиялардың, және 40-қа жуық монографиялық сипаттағы үлкен жұмыстарда өзіндік бөлімдердің авторы. Зертеулерінің нәтижелері әртүрлі деңгейдегі дөңгелек үстөлдерде, семинарларда, республикалық және халықаралық конференцияларда талқыланған. 19 ғылым кондидатын, 4 ғылым докторын, 3 PhD докторын дайындағын. 5 басымдық бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі. «Елдің интелектуалды әлеуеті», «Journal of Distribution Science» (Сеул, Оңтүстік Корея), «ҚР ҰҒА Хабаршысы», Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы (Алматы), «Экономика: стратегия и практика» ҚР БҒМ ҒК ЭИ (Алматы), «Экономика және статистика» (Астана), «Аймақтық даму хабаршысы» (Қарағанды) сияқты экономикалық журналдардың редакциялық кеңесінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталған (2005 ж.), ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан мамандарға және ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2006-2008 жж.), «Application and integration of the «Green Growth» tools and policies into the strategic planning system of the Republic of Kazakhstan / under the ed. of B. Yesekina, Almaty, 2010, 64 p. ұжымдық ғылыми еңбегі үшін 2010 жылы ең үздік экономикалық зерттеуге арналған Евразиялық ғалымдар клубы сыйақысының лауреаты.
Наиля Қапенқызы Нұрланова
Последние статьи автора